Жылдам салмақ тастап, сол салмақты біржола сақтағыңыз келе ме? Шешімі тек біреу — дұрыс тамақтануды бастау. Ең үздік дұрыс тамақтану жүйелерінің бірі — Монтиньяк жүйесі. Оны Мишель Монтиньяктың диетасы деп те атайды.
Мишель Монтиньяк — диетолог және оның жүйесі дұрыс тамақтанудың негізгі қағидаларына негізделген. Ол екі негізгі кезеңге бөлінеді:
1. Зат алмасу процесін қалыпқа келтіру, тазарту және артық килограмнан арылу. Бұл кезең толықтай артық салмақты жоғалтуға дейін созылады.
2. Салмақты ұстап тұру. Бұл кезеңді өмір бойы ұстануға тура келеді.
№ 1 кезең
Бірінші кезеңнің негізгі ережелері:
1. Гликемиялық индексі 50 бірліктен жоғары тағамнан толықтай бас тарту. Яғни, қандағы қант деңгейінің күрт өсуін туындататын барлық тағамдар алынып тасталады.
2. Бөлшектеп тамақтану қағидасын ұстану керек.
3. Қант пен алкоголь толығымен алынып тасталады.
4. Майонез және әртүрлі өнеркәсіптік тұздықтар алынып тасталады. Мұндай тағамдар зиян және тәбетті қоздырады.
5. Құрамында көп мөлшерді крахмалы бар көкөністер мен жемістерге тыйым салынады.
6. Күніне 2 литрден артық су ішу керек.
7. Күніне үш рет тамақтану тәртібін ұстану керек. Соңғы тамақтану ұйқыға дейін кемінде 3 сағат бұрын қабылдануы тиіс.
8. Артық тамақтануға болмайды. Тойған бойда үстелден дереу тұрып кетіңіз.
Рацион
Мәзір әр түрлі болуы мүмкін, алайда келесі ережелерді сақтанған жөн:
• таңғы ас толығымен көмірсуларға бай болуы тиіс. Көкөністер, жемістер және дәнді дақылдарды қабылдаған дұрыс.
• Түскі асқа тек ақуызды тағамдарды жеуге рұқсат етіледі: майсыз ет, теңіз өнімдері, жұмыртқа, сүт өнімдері және т. б.
• Кешкі ас тек көмірсулардан тұруы мүмкін. Мысалы, қара бидай наны және көкөніс салатымен көкөніс сорпасы. Немесе ақуызды-көмірсулы болуы мүмкін. Мысалы, көкөніс салаты және тауықтың төс еті.
• Тамақтану арасында жеміспен жеңіл-желпі тамақтануға болады. Тамақтанудан жарты сағат бұрын жеңіл-желпі тамақтанған жөн.
№ 2 кезең
Салмақ қалпына келгеннен кейін жүйенің екінші кезеңіне өтуге болады. Шын мәнінде, екінші кезең — бұл дене мүсінін бір қалыпты ұстап тұру үшін қажетті дұрыс тамақтану.
Бұл кезеңде кез-келген тағамды жеуге болады. Алайда, сонымен бірге, бірінші кезеңде тыйым салынған тағамды тұтынуды шектеген жөн. Гликемиялық индексі 50-ден жоғары тағамдарды бірнеше күнде бір рет жеуге болады.
Бір рет тамақтанған кезде ақуыздар мен майларды немесе ақуыздар мен көмірсуларды үйлестіруге болады. Алайда, майлы және көмірсутекті тағамдарды бір уақытта қабылдауға болмайды. Бұл жағдайда, ақуызды немесе майлы тағамдарды жеу құрамында жасұнығы бар тағамды қабылдаумен бірге жүруі керек. Бұл ас қорытуды жақсартады.
Екінші кезеңде сіз күніне үш рет тамақтануыңыз керек және түнге қарай қатты тойып ішпеуге тырысыңыз.
Монтиньяк жүйесінің артықшылықтары
Ең бастысы, бұл дұрыс тамақтану жүйесі зат алмасу процесін қалпына келтіруге септігін тигізеді. Бұл өз кезегінде артық салмақтан арылуға әкеледі. Сонымен қатар, пайдалы тамақтану әдеттері де дамиды, ал бұл өте маңызды.
Қандай нәтижелерге қол жеткізуге болады?
Адамдардың көптеген пікірлері бойынша, бұл жүйе айына 5–10 кг артық салмақтан арылуға мүмкіндік береді. Бірақ ең бастысы, егер екінші кезеңді сақтау кезінде, салмақ қайта оралмайды. Сонымен қатар, көңіл күй мен ағзаның жалпы күйі жақсара түседі. Бұл жүйе жүрек-қан тамырлары ауруларының, асқазан-ішек жолдары аурауларын, қант диабеті мен семіздіктің алдын алу болып табылады.
Егер сізде артық салмақ болса және одан құтылғыңыз келсе, онда бұл жүйе сөзсіз көмектеседі. Салмақ түсіргеннен кейін сіз дұрыс тамақтануға ауысасыз, қосымша килограмдар мен көптеген аурулар туралы ұмытасыз