ДЕНЕ БІТІМІ МЕН ДЕНСАУЛЫҚҚА ЕҢ КӨП ЗИЯН КЕЛТІРЕТІН 8 ӘДЕТ

2 августа 2023

Біздің бүкіл өміріміз әдеттерден тұрады. Біз күн сайын үйреншікті нәрселерді жасаймыз, және біз оны дағдыланған бірдей тәсілмен жасаймыз. Дәл солай тамаққа да қатысты. Артық салмақ, асқазанның бұзылуы және зат алмасу процесінің бұзылу проблемаларының көпшілігі зиянды тамақтану әдеттерінің салдары болып табылады. Алайда олардан құтылу үшін, ең алдымен, оларды түсіне білген жөн.

Ең қауіпті 8 зиянды тамақтану әдеттері:

1. Тамақты асығып жеу.
2. Күні бойы біркелкі тамақтанбау және тамақ қабылдау уақыттарын өткізіп алу.
3. Тамақты салқын күйінде ішу.
4. Тамақтану кезінде салқын сусындар ішу.
5. Жартылай дайын өнімдермен тамақтану.
6. Теледидар алдында тамақтану.
7. Үнемі тамақ жеп жүру.
8. Күйзелісті тамақпен басу.

Осы әдеттердің әрқайсысы қандай қауіп төндіретінін қарастырайық.

Тамақты асығып жеу

Егер тамақты асығып ішсеңіз:

• Қажет болғаннан көп тамақ жеп қоюыңыз мүмкін, себебі ми тамақтанғаннан кейін тек 15–20 минуттан кейін тою сигналын береді.
• Тағамды мұқият шайнамау, бұл қоректік заттардың сіңуінің нашарлауына және ас қорытудың нашарлауына әкеледі.

Сонымен қатар, осы 2 тармақ теледидардың алдында немесе басқа да алаңдату факторларымен тамақтануға да қатысты.

Біркелкі тамақтанбау

Күні бойы біркелкі тамақтанбау зат алмасу процесінің баяулауына және артық майдың жиналуына әкеледі. Оңтайлы нұсқа — күніне 5 рет тамақтану, оның ішінде 3 негізгі және 2 жеңіл желпі тамақтану. Толыққанды түскі немесе кешкі асты көкөністермен және жемістермен, немесе ашымалы сүт өнімдерімен алмастыруға болады. Ал толыққанды таңғы асты ештеңемен алмастыруға болмайды, бұл күн бойғы негізгі тамақтану болып табылады.

Салқын тамақ

Тұрақты түрде салқын тамақ ішу ішек микрофлорасының бұзылуына және дисбактериоздың дамуына әкеледі. Сонымен қатар, бұл зар алмасу процесінің бұзылуына әкелуі мүмкін. Салқын тамақ асқазаннан ыстық тамаққа қарағанда бірнеше есе тез өтеді. Осының салдарынан ол нашар қорытылады және қоректік заттарды сіңіруде қиындықтар туындайды.

Салқын сусындар

Егер тамақты салқын сусындармен ішсеңіз, ас қорыту баяулайды. Майлы тағамды үнемі салқын сумен ішу панкреатитке әкелуі мүмкін.

Жартылай дайын өнімдер

Мұндай тағам «бос» көмірсуларға, консерванттарға, қоспаларға бай, және калориялығы жоғары. Ол ағзаның барлық қоректік заттарға деген қажеттілігін толтыра алмайды. Жартылай дайын өнімдерді жиі тұтыну денебітіміне айтарлықтай әсер етеді.

Тұрақты түрде жеңіл тамақтану

Бұл әдет өте тез артық салмақ қосуға әкеледі. Өйткені, мұндай жеңіл тамақтану әдетте кәмпиттерден, печеньелерден, бутербродтардан, чипстерден және т.б. тұрады. Сонымен қатар, егер тамақ асқазанға жиі түсіп тұратын болса, зат алмасу процесі зардап шегеді.

Күйзелісті тамақпен басу

Эмоционалдық көңіл-күйдің көтерілуі немесе түсуі кезінде өзіңді тамақпен басу әдеті сөзсіз шамадан тыс тамақтануға әкеледі. Мұндай сәттерде тамақ мөлшерін бақылауда ұстау шындыққа жанаспайды. Сонымен қатар, адамдардың көпшілігі күйзелісті зиянды және калориясы жоғары тағамдармен басады.

Зиянды әдеттерден арылуға арналған кеңестер:

1. Күніңізді 3 негізгі тамақтану мен 2 жеңіл тамақтануға жоспарлаңыз. Осы жоспарды үнемі ұстануға тырысыңыз. Қолыңызды кәмпитке жүгірте берген кезде, өзіңізді тоқтатыңыз.
2. Толыққанды тамақтаныңыз, негізгі тамақтану кездерін жартылай дайын өнімдермен алмастырмаңыз.
3. Тамақтануға көбірек уақыт бөліңіз, тамақты мұқият шайнап, асықпай ішуге тырысыңыз.
4. Теледидар немесе радиосыз тыныш ортада тамақтаныңыз.
5. Мүмкіндігінше жылы тамақпен тамақтануға тырысыңыз.
6. Тамақты салқын сусындармен ішпеңіз.
7. Күйзелісті тамақпен басуға тырыспаңыз. Орнына спортпен шұғылданыңыз, көшеде серуендеңіз, достарыңызбен әңгімелесеңіз.

Егер сізде артық салмаққа қатысты проблемалар болса, осы жеті ережені сақтау олардан тез арылуға көмектеседі. 2–3 аптадан кейін оң өзгерістерді байқайсыз. Осы ережелерді үнемі сақтау зат алмасу процесінің жақсаруына, салмақтың қалыпқа келуіне, хал-жағдайыңыз бен көңіл-күйіңіздің жақсаруына әкеледі.