ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ: ЕҢ ПАЙДАЛЫ ӘЛЕМ ТАҒАМДАРЫ

2 августа 2023

Әрбір ұлттық тағам өзінше жақсы. Алайда, тарихи тұрғыдан алғанда, олардың кейбіреулері таза түрдегі дұрыс тамақтану болып табылады. Әлемнің қай тағамдары ең пайдалы деп саналатынын және неге екенін анықтап көрейік.

Жапония және Сингапур

Бұл елдердегі орташа өмір сүру ұзақтығы 85 жылдан асады. Ал семіздікпен зардап шегетін адамдардың саны 1 %-дан аспайды. Мұның екі негізгі себебі бар:

1. Тамақты аз ішу.
2. Ұлттық тағамдары пайдалы өнімдерден тұрады.

Жапондықтар мен сингапурлықтардың рационы негізінен теңіз өнімдерінен, көкөністерден және күріштен тұрады. Мұндай тағамның құрамында барлық қажетті дәрумендер, минералдар, қанықпаған май қышқылдары бар. Сонымен қатар, ол ақуызға, күрделі көмірсуларға және жасұныққа бай. Мұндай рацион бүкіл ағзаның жұмысына оң әсерін тигізеді және керемет денебітімін сақтауға мүмкіндік береді.

Бұл елдердің ұлттық тағамдарының тағы бір ерекшелігі — міндетті түрде көк шай ішу. Ол, өз кезегінде, қартаю процестерін баяулататыны, тамырларды нығайтатыны және зат алмасу процесін жақсартатыны мәлім.

Бізге үйреншікті кондитерлік өнімдер мен ет тағамдары Жапония мен Сингапурда құрметтелмейді.

Қытай

Қытай тағамдарындағы негізгі тағам, жапондықтар сияқты, күріш болып саналады. Одан басқа, қытайлықтар тұтас дәнді өнімдер мен бұршақ тұқымдастарды көп пайдаланады. Сондықтан олардың рационы күрделі көмірсулармен, микроэлементтермен және дәрумендермен қаныққан. Ағздағы су балансын сақтауға көмектесетін сұйық тағамдар да назардан тыс қалмайды.

Аспан асты елінің асханасы көкөністер мен жемістердің алуан түріне толы. Ал құрамында қарапайым қанттары бар өнімдерді немесе тағамдарды кездестіру іс жүзінде мүмкін емес. Сондықтан, бұл ұлтта артық салмақпен байланысты проблемалар жоқ деп айтуға болады.

Қытай асханасының маңызды сәттерінің бірі — жылумен минималды өңдеу. Осының арқасында өнімдер көптеген қоректік заттарды сақтайды.

Франция

Көптеген диетологтар француз тағамдарын Еуропадағы ең жақсы деп санайды. Тағамдардың құрамында тәттілер, круассандар және тәтті тоқаштардың барлық түрлері болса да, оның құрамында көптеген пайдалы заттар бар.

Француздар теңіз өнімдеріне деген сүйіспеншілігімен танымал. Олар әртүрлі теңіз жануарларынан ең талғампаз тағамдарды дайындайды. Сондай-ақ, тамақ дайындау кезінде жемістер мен көкөністердің алуан түрлері қолданылады.

Француз асханасында тамақ дайындаудың негізгі әдісі — майсыз пісіру. Осылайша дайындалған тағамда калория мөлшері және қаныққан май аз болады. Бұл жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін айтарлықтай төмендетеді.

Франция өзінің шараптарымен танымал. Диетологтардың пікірінше — тамақтану барысында бір стақан құрғақ шарап ішу өте пайдалы дәстүр. Шарап зиянды холестеринді төмендетуге, радионуклидтерді шығаруға, қан тамырларды нығайтуға және жүрек қызметін жақсартуға көмектеседі.

Жерорта Теңізі

Итальяндық, испандық, грек тағамдары әртүрлі өнімдерге толы. Алайда, зиянды майларға бай көптеген тағамдарға қарамастан, жүрек-қан тамырлары ауруларымен зардап шегетін адамдар өте аз. Мұның басты себебі — зәйтүн майын кеңінен қолдану. Оның құрамында көптеген қанықпаған май қышқылдары бар, олар тамырлардағы холестерин түйіндерінің пайда болуына жол бермейді.

Жерорта теңізі елдерінің тағамдары тұтас дәнді өнімдерге бай. Мысалы, әйгілі итальяндық паста тек бидайдың қатты сұрыптарынан жасалады. Тұтас дәнді өнімдер дене бітімін сымбатты және асқазанды сау етеді.

Үндістан

Үнді тағамдарының негізгі элементі — әртүрлі дәмдеуіштерді қолдану. Олардың көпшілігін нағыз дәрі-дәрмекпен теңестіруге болады. Мысалы, карри, куркума, гарам масала қабыну процестерімен күреседі және ағзаның қорғаныс механизмдерін белсендіреді.

Қорытынды жасайық

Әрине, ешкім аталған ұлттық тағамдардың кез-келгеніне көшуге шақырмайды. Алайда олардың ең пайдалысын ала отырып, өз денсаулығыңыз бен денебітіміңізді айтарлықтай жақсарта аласыз. Сонымен, өз рационыңызға келесілерді қосқан жөн:

• Теңіз өнімдері;
• Жемістер мен көкөністер;
• Күріш және тұтас дәнді өнімдер;
• Көк шай;
• Зәйтүн майы;
• Табиғи дәмдеуіштер;
• Аз мөлшерде құрғақ шарап;

Және, ең бастысы, дұрыс тамақтану — бұл тек «дұрыс» азық-түліктер емес, сонымен қатар аз мөлшерде тамақтану екенін есте сақау керек