Бүгінгі таңда көптеген адамдар үшін дұрыс тамақтану тек пайдалы тағамдарды тұтыну дегенді білдіреді. Алайда бұл жеткіліксіз. Белгілі бір өнімді қай уақытта жеуге болатынын білу өте маңызды. Мұнымен дене бітімі мен әдемі келбет ғана емес, сонымен қатар ағзаның саулығы да байланысты.
Бұл мақалада қандай тағамдарды, күннің қай жартысында тұтыну жөн екендігін анықтауға тырысамыз. Бұл бір күндік мәзір жасауға мүмкіндік береді және сіз үнемі сол сәтте не жеу керектігін білетін боласыз.
Таңғы ас
Пайдалы тамақтану және таңғы ас — бұл өзара ажырамас заттар. Егер сіз салмақ тастағыңыз, салмақ жинағыңыз немесе өзіңізді керемет формада ұстағыңыз келсе және жақсы көңіл-күйде болғыңыз келсе сіз таңғы асты ішуге міндеттісіз.
Таңғы ас екі негізгі мәселені шешеді:
1. Денені ұйқыдан кейін энергиямен қуаттайды.
2. Зат алмасу процесін «оятады».
Егер осы тамақтануды елемейтін болсаңыз, ағзаңыз май қорымен емес, бұлшықет тінімен қоректене бастайды. Түскі ас уақыты келгенде, шамадан тыс ашығудаң салдарынан артық тамақтанудан ешқайда қашпайсыз. Бұл майдың жиналуына әкеледі. Сондықтан, таңғы асты ешбір жағдайда өткізіп алуға болмайды, бұл негізгі тамақтану.
Бұл тамақтану 3 негізгі компоненттен тұруы тиіс:
• Көмірсулар. Оларды ботқалардан немесе тұтас дәнді өнімдерден алған жөн. Сұлы, қарақұмық, арпа, қара нан (бутерброд жасауға болады), бидай слайстары және т. б. керемет үйлеседі.
• Ақуыз. Жұмыртқа мен сүт өнімдерін қолданған жөн, майсыз балық немесе ет жеуге болады.
• Дәрумендер мен минералдар. Оларды жемістерден алған дұрыс. Алма, алмұрт немесе бір-екі қара өрік таңғы асқа керемет қосымша болады.
Түскі ас
Бұл тамақтану қоректік заттардың максималды мүмкін болатын мөлшерін қамтуы тиіс. Күннің нағыз қызған кезінде ағзаға жақсы тамақтану қажет болады. «Көмірсулы» гарнирдің болуы міндетті: картоп, кез-келген ботқа, макарон және т.б. Сонымен қатар, денені ақуызбен тамақтандыру да маңызды. Түскі асқа арналған ақуыздың керемет көздері:
• кез-келген ет түрі;
• балық және теңіз өнімдері;
• сүт өнімдері;
• жұмыртқа.
Жасұнық пен дәрумендердің болуы маңызды. Көкөністер салаты осы заттардың тапшылығын керемет толтырады. Сонымен қатар, түскі асқа әртүрлі сорпаларды, балғын көкөністерді қоса отырып, ішуге болады.
Кешкі ас
Ұйықтар алдында тамақтану да өте маңызды. Егер осылай жасалмаса, онда дене 12 сағаттан артық уақытқа тамақтандырусыз қалуы мүмкін. Мұндай ұзақ уақытқа ашығу зат алмасу процесінің баяулауына және көңіл-күйдің нашарлауына әкелуі мүмкін.
Біздің ағзамыздың ерекшеліктерінің бірі — таңертең оған энергия алу үшін көбірек көмірсулар қажет, ал күннің соңында — ақуыз. Кешке ағзаның ақуызға сезімталдығы артады. Сондықтан құрамында негізінен осы компонент бар тағамды тұтыну керек. Кешкі асқа:
• табиғи йогурт, сүт, сүзбе (жидектерді қосуға болады);
• майсыз сиыр еті немесе құс еті;
• кез-келген теңіз өнімдері немесе өзен балығы.
Ақуызды тағамнан басқа, кешкі асқа кішкене көкөніс салатын немесе көкөністі таза күйінде жеуге болады.
Асқазанға ауыртпалық түсірмеу үшін соңғы тамақты ұйқыдан бірнеше сағат бұрын жасаған жөн.
Жеңіл желпі тамақтар
Дұрыс тамақтану күні бойы жеңіл желпі тамақтардың болуын білдіреді. Олар негізгі тамақ арасында болуы керек. Жеңіл тамақтану келесі мүмкіндікді береді:
1. жоғары зат алмасу барысын сақтау.
2. үнемі тойған сезімде болу;
3. негізгі тамақтанулар арасында артық тамақ жемеу.
Жеңіл желпі тамақтану жаңғақтардың, кез келген түрінен, кептірілген жемістерден, жемістердің немесе көкөністердің кез келген түрінен тұруы керек. Мұнымен қатар, ірімшіктің немесе еттің майсыз сұрыптарын тұтас дәнді нанмен немесе бидай тілімдерімен бірге қолдануға болады.
Осы ережелерді сақтай отырып, сіздің ағзаңыз әрқашан қажетті қоректік заттарды қажетті уақытында алады. Осы қағида бойынша дұрыс тамақтанудың нәтижесі:
• салмақты қалыпқа келтіру;
• зат алмасудың жақсаруы;
• жұмысқа қабілеттілікті арттыру;
• көңіл-күйде жақсарту.
Осы ережелерді сақтай отырып, жеген тағамның мөлшері туралы ұмытпаңыз, бір ішкенде 350–400 грамнан аспауға тырысыңыз. Сондай-ақ тағамның әртүрлілігін есте сақтаңыз. Содан кейін ағза сізге керемет денсаулық үшін алғыс айтады.