ҚАНТТЫҢ ҚАУПІ НЕДЕ? ДЕНЕ МҮСІНІҢДІ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚТЫ ҚАЛАЙ САҚТАУҒА БОЛАТЫНЫН БІЛІҢІЗ

2 августа 2023

Сіз өміріңізді қантсыз елестете аласыз ба? Жауабыңыз «иә» болса, бұл керемет. Бірақ біз тек ақ түйіршіктерді ғана емес, сонымен қатар әртүрлі тағамдардағы қантты да айтамыз. Өйткені, оны қазір қосуға болатын барлық өнімдерге қосады. Барлық десерттер, тәттілер, тәтті сусындар, шырындар, энергетиктер, түрлі тұздықтардың құрамында қант көп мөлшерде болады. Енді сіздің сұраққа беретін жауабыңыз өзгерді ме?

Қанттың қауіптілігі неде

Оның зиянын 50-ден астам тармақтан тұратын үлкен тізім түрінде елестетуге болады. Ең негізгілерін бөліп көрсетейік:

1. Семіздік және диабет.
2. Жүрек аурулары.
3. Ішектегі шіру процестерінің күшеюі.
4. Ағза жасушаларының қартаю процестерінің жеделдеуі.
5. Дәрумендер мен минералдардың жетіспеушілігі.
6. Тісжегінің дамуы.
7. Көңіл-күйдің өзгеруі және күйзеліс.

Қанттың ағзаға тигізетін зиянының негізгі себебі — қандағы глюкозаның күрт өзгеруі. Бұл тез шаршауға, көңіл-күйдің өзгеруіне, проблемалық аймақтардағы майдың жиналуына әкеледі.

Қанша мөлшерде қант қолдануға болады?

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы келесі мөлшерде қолдануды ұсынады:

• Әйелдер үшін: күніне 50 грамнан артық емес.
• Ерлер үшін: күніне 60 грамнан артық емес.

Бір шай қасықта шамамен 5 гр қант бар. Осылайша, әйелдер үшін күнделікті норма — 10 шай қасық, ал ерлер үшін — 12 шай қасық. Көптеген адамдар бұл норманы тек шаймен немесе кофемен бірге пайдаланады.

Әр түрлі тағамдардағы қанттың мөлшері

Әдетте біз әртүрлі тағамдармен күніне қанша қант мөлшерін тұтынатынымызды ойламаймыз. Көптеген адамдар нормадан бірнеше есе асады деп айтуға болады.

Бір банка колада 8 шай қасық қант бар екенін елестетіп көріңіз. Бұл әйелдер үшін күнделікті норма. Бір стакан пакеттелген апельсин шырынында 5 қасық қант бар. Тәтті тоқашта оның мөлшері 70 гр дейін болуы мүскін. Әр түрлі тәттілер мен шоколад туралы айтудың қажеті жоқ, олармен бәрі түсінікті.

Жемістердің құрамында да қант бар

Жемістерде кездесетін қантты өнеркәсіптік жолмен алынғанмен қантпен салыстыруға болады. Мысалы, үлкен апельсинде шамамен 20 гр қант болуы мүмкін. Алайда, жемістерді жеген кезде ағза дәрумендер мен пайдалы заттар алады. Сондықтан жемістерді міндетті түрде жеу керек. Дегенмен, оларға қатты үйренудің қажеті жоқ.

Глюкоза-фруктозалы шәрбат өте қауіпті

Қазіргі уақытта глюкоза-фруктозалы шәрбатты пісірімдерге, балмұздаққа, шырынға және басқа да тағамдарға қосуы мүмкін. Бұл қанттың арзан баламасы, яғни оның алмастырғышы. Ол неге зиянды?

Шәрбаттың қанттан айырмашылығы, қанға инсулиннің бөлінуін тудырмайды. Бұл өз кезегінде оның барлық калорияларының бірден май қорына айналуын туындатады. Қанттың шәрбаттан айырмашылығы, қант ағзадағы әртүрлі процестерді жүргізуге қатысады.

Глюкоза-фруктозалы шәрбаттың тағы бір қасиеті — ол тою сезімін бермейді. Оны тұтынған кезде, тою сезіміне жауап беретін және энергияны алмасуын реттейтін лептин гормоны өндірілмейді. Нәтижесінде, құрамында шәрбаты бар өнімді шамадан артық жеу мүмкіндігі бар және оны байқамай қаласыз.

Қорытынды жасайық

Егер әдемі дене мүсіні мен мықты денсаулыққа ие болғыңыз келсе, онда міндетті түрде желінген қанттың мөлшерін қадағалап отырған жөн. Әрине, кейде босаңсып, «зиянды» нәрсені жеуге де болады. Алайда күн сайын осылай жасаудың қажеті жоқ. Есіңізде болсын, егер өнімнің қаптамасында глюкоза-фруктозалы шәрбат болса, оны айналып өтіңіз.

Дұрыс тамақтанып, деніңіз сау болыңыз!