ТРАНС-МАЙЛАР ТУРАЛЫ НАНҒЫСЫЗ ШЫНДЫҚ. РАЦИОННАН ҚАНДАЙ АЗЫҚ–ТҮЛІКТЕРДІ АЛЫП ТАСТАУҒА БОЛАДЫ

2 августа 2023

Дұрыс тамақтану майларсыз болмайды. Олардың көбісі пайдалы, бірақ кейбіреулері ағзаға орасан зор зиян келтіреді. Кез-келген заманауи адамның рационына 3 түрлі май кіреді:

1. Қанықпаған.
2. Қаныққан.
3. Транс-майлар.

Қанықпаған майлар пайдалы және адам өміріне өте қажет. Олар зиянды холестерин деңгейін төмендетеді және қантамырларды қорғайды. Қаныққан майлар — холестеринді жоғарылатады және жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін арттырады. Бірақ, осы екі топтан бөлек, денсаулық пен дене бітіміне зиянды транс-майлар бар.

Транс майлар дегеніміз не?

Майдың бұл түрі 20 ғасырдың басында маргарин өндірісінің басталуымен пайда болды. Құрамында қанықпаған май қышқылдары бар өсімдік майларының сақтау мерзімі қысқа болады. Оны арттыру үшін гидронизация — сұйық майлар арқылы сутегі көпіршіктерінің өткізу технологиясы әзірленді.

Гидронизацияның көмегімен сұйық майдан аспаздық майы, маргарин және басқа да тағамдар жасалады. Өңдеу барысында транс-майлар түзіледі. Олардың құрылымы өзгертілген, бұл оларды ағзаға зиянды етеді.

Транс-майлардың зияны

Соңғы бірнеше онжылдықта транс-майлардың адам ағзасына әсері туралы зерттеулер жүргізілді. Нәтижесінде, құрамында мұндай заттардың көп мөлшері бар тағамды тұтыну келесіге ықпал ететіні дәлелденді:

• жаман холестериннің жоғарылауы;
• семіздікке әкелетін инсулин алмасуының өзгеруі;
• жүрек ауруларының дамуы;
• қант диабетінің даму қаупінің туындауы;
• иммунитеттің төмендеуі;
• сүт безі қатерлі ісігінің даму қаупінің жоғарылауы;
• емізетін аналардың сүт сапасының нашарлауы;
• еркектердегі тестостерон деңгейінің төмендеуі.

Барлық осы жағымсыз әсерлер күніне 4 граммнан астам транс-майларды тұтыну кезінде байқалуы мүмкін.

Қандай өнімдерде транс-майлар бар

Басты көздері — маргарин және аспаздық майлар. Әртүрлі пісірілімдер пісіруге арналған маргаринде 20–40 % транс-майлар бар. Яғни, бір ас қасық осындай маргариннің құрамында осы заттардың максималды тәуліктік мөлшері бар.

Тамақ өнеркәсібінде транс-майлар кең түрде қолданылады. Олар келесі тағамдар өндірісінде қолданылады:

• печеньелер;
• кондитерлік өнімдер және пісірілім;
• чипстер;
• жылдам дайындалатын өнімдер;
• мұздатылған жартылай дайын өнімдер;
• фаст-фуд жасауда.

Фри картобының бір порциясында 14 грамм транс майлар бар екенін елестетіп көріңізші. Бұл нормадан 3 есе көп.

Құрамында транс-майлары бар өнімдерді қалай анықтауға болады

Өнімнің заттаңбасында транс-майлардың құрамы туралы ақпарат өте сирек кездеседі. ТМД елдерінде бұл заттардың құрамын көрсету міндетті емес. Бірақ олардың болуын анықтауға болады. Транс майлар құрамында келесі өнімдер бар азық-түліктерде болады:

• өсімдік немесе аралас май;
• маргарин;
• фритюр майы.

Мұндай азық-түліктерді анықтап, олардан аулақ болуға тырысу өте маңызды.

Егер сіз дені сау болып, дене бітіміңіз сымбатты болуды қаласаңыз, жартылай дайын өнімдерден, сатып алынған пісірілімдерден, фаст-фудтан, маргаринді және оның баламаларын пайдаланудан аулақ болыңыз. Есіңізде болсын, үйде дайындалған пайдалы және дәмді тағамнан артық ештеңе жоқ.